Текст
25.05.2019
Соңғы қоңырау: біздің алғашқы түлектеріміз
21.05.2019
9 сынып оқушысы Оспандияр Камила «IQANAT» олимпиадасының республикалық деңгейіне өтті
Камила математика пәнінен «IQANAT» республикалық олимпиадасының алғашқы екі кезеңінен сәтті өтіп, республикалық деңгейде сайысқа жолдама алды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Айланхан Жанболат.
21.05.2019
Мектеп ауласын гүлдендіру және сенбілік
18-мамыр күні мектепшілік сенбілік ұйымдастырылып, мектеп алаңына гүл отырғызу, мектеп алаңын көгалдандыру шарасы жүргізілді. Мектеп оқушылары сенбілікке жаппай қатысып, гүл отырғызуда өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары мектеп ауласына түлектер атынан...
16.05.2019
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай әр сыныпта сынып жетекші сынып сағаттарын өткізді. Оқушыларға отбасы құндылығын, отбасы татулығы мен бірлігін, маңыздылығын дәріптейтін видеоролик көрсетіліп, талқылаулар жасалды.
15.05.2019
"Жас келсе іске" жас мамандар апталығы
Сәуір айының 12-18 аралығында мектебімізде "Жас келсе іске" деп аталатын жас мамандар апталығы болып өтті. Апталықта мектебіміздегі 6 жас маман өз пәндері бойынша ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізді. Оқу ісінің меңгерушісі мен көп жылдық тәжірибесі бар...
13.05.2019
Ұлы Жеңіс күні
Ұлы Жеңіс күнінде мектеп оқушылары Қараөткел ауылындағы "Батырлар аллеясында" батырлар рухына тағзым ете отырып, гүл шоқтарын қойып құрмет көрсетті.
13.05.2019
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара
Мектебімізде 30.04.2019 күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді. 5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған бұл шарада әр сыныпқа әр ұлттың салт-дәстүрі мен ұлттық киімдерін, тағамдарын көрсету тапсырылды. Әділ қазылар алқасы үздік өнер...
04.04.2019
Қамқор кеңесін құру туралы хаттама
15.03.2019
Ағылшын тілі бойынша аудандық конкурстан біздің оқушылар екінші орынға ие болды
Ұстазымыз Жадыра Нұрдыбекқызының жетекшілігімен қатысқан мектеп оқушылары аудандық ағылшын тілі бойынша өткен конкурстан екінші орынға ие болды.
19.02.2019
Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кеш
Мектебімізде ақпан айының 14-і күні Мұқағали ақынның туған күніне орай «Поэзия,менімен егіз бе едің?!» атты поэзия кеші болып өтті. Бұл шараға 15-тен астам оқушы қатысып, ақиық ақынның сыршыл да, мұңды шығармаларын шабыттана жырлады.