2025-2026 оқу жылы бойынша "Мектепке жол" акциясы
Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында 2025 жылғы 01 тамыз – 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау.
Мектебімізде 148 оқушы білім алады. Соның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар саны 74. Мектеп бойынша акция барысында жалпы 21 оқушыға жергілікті әкімшіліктен мектепке қажетті құрал жабдықтармен сөмкелей көмек көрсетілді. «Dauletten» қайырымдылық қорынан 1 сынып оқушысына мектепке қажетті құрал жабдықтармен сөмке берілді. Сонымен қатар «Ақниет» қайырымдылық қорынан 0 сынып оқушысына мектепке қажетті құрал жабдықтармен сөмке берілді. Мектепшілік демеушілік көмек ретінде 5 оқушыларға мектепке қажетті құрал жабдықтармен сөмкелей көмек көрсетілді.
«Міндетті білім қорынан» көрсетілетін қаржылай және материалдық көмекке 2 отбасыдан төменде көрсетілген 6 оқушыға құжаттар тапсырылып, қаржылай көмек алды.
Акция барысында қамқорлыққа алынған оқушылардың жаңа оқу жылына толық дайындықпен баруына жағдай жасалды.