28.08.2025
"Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"”
Бүгін, 28.08.2025 ж. №1 педагогикалық кеңес Ақмола облысы "Өрлеу" БАҰО әдіскері Кабдушева Алия Жумадиловна онлайн қатысуымен өтті.
Кеңестің негізгі тақырыбы: «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» болды.
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
1. КҮН ТӘРТІБІ
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
ШЕШІМ:
- «2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алсын;
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
- білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын бекіту;
- білім беру процесінде жасанды интеллекті технологияларын қолдануды қамтамасыз ету, ЖИ-ды қолданудың этикалық нормалар мен стандарттарын сақталуын реттейтін мектепішілік құжатты әзірлеп, бекіту.
- білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдансын;
- мектеп әкімшілігінің міндеті мектептің негізгі міндеттері: білім беру сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсарту болып белгіленсін.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы
ШЕШІМ:
- мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін;
- мектептің оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемесі (тарификация), сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңестің жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары, педагогтердің біліктілігін арттыру жоспары және т. б. бекітілсін.
- жауапты тұлғалар бекітілген жоспарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы
ШЕШІМ:
- мектеп әкімшілігінің қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін;
- директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары нұсқау өткізу, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін және бейнебақылау жүйесін тұрақты тексеруді қоса алғанда, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
- директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары және медицина қызметкері (келісім бойынша) мектепте санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін;
- медицина қызметкері (келісім бойынша) азық-түлік сапасын бақылауды және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін;
- мектеп қызметкерлері үшін Ішкі тәртіп ережелері және мектептің жұмыс кестесі бекітілсін.