Текст
11.12.2023
"Оқуға құштар мектеп"
Мектебімізде 30-қазан күні "Оқуға құштар мектеп" аясында балалар кітапханадан өздері таңдаған кітаптарын алып оқуда.
11.12.2023
"Өмірқауіпсіздік"
Мектебімізде оқушылардың күзгі каникулға шығуына байланысты "Өмірқауіпсіздік" сағаттары болып өтті.Аталмыш сабақта өрт қауіпсіздігі, мұз қауіпсіздігі және жол қауіпсіздігі жайлы ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
11.12.2023
Мектеп президенті
мектеп президенті болып сайланған Шаркенов Сұлтанбектің саланатты түрде ант беру рәсімі болып өтті.
11.12.2023
Ата-аналар комитетінің төрағаларымен жиналыс болып өтті.
Мектебімізде оқушылардың өмірқауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық сыныптардың ата-аналар комитетінің төрағаларымен жиналыс болып өтті.
11.12.2023
" Менің бизнестегі идеяларым"
Мектебімізде жоғарғы сыныптар арасында " Менің бизнестегі идеяларым" атты шара болып өтті.
11.12.2023
"Республика күні"
Мектебімізде "Республика күні" мерекесіне орай гимн орындау салтанатты шарасы болып өтті.
08.12.2023
"Абайлаңыз, балалар"
Мектебімізде балалардың өмірқауіпсіздігін сақтау мақсатында, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Абайлаңыз, балалар" атты іс-шара өтіп, оқушылардың түнгі уақытта көшеге шықпауын ескертіп, өзендердегі мұзға сырғанамау туралы ескертіп өтті.
08.12.2023
"Өзін-өзі" басқару ұйымының президентін сайлау өтуде
Бүгін мектебімізде "Өзін-өзі" басқару ұйымының президентін сайлау өтуде.Сайлауға барлығы 3 кандидат өздерін ұсынуда.Бірінші нөмір бойынша 8-сынып оқушысы Тасболат Сая.Екінші нөмірлі кандидат Мұратбек Нұрәлі.Ал үшінші нөмірлі кандидатымыз Шаркенов Сұлтанбек.
08.12.2023
Айтыс
Мектебімізде төл өнерімізді насихаттау мақсатында оқушылар арасында айтыс ұйымдастырылуда.
08.12.2023
"Қауіпсіздік"
Мектебіміздің жас жол инспекторлары "Қауіпсіздік" апталығындағы шараларды жалғастыруда. Жас инспекторларымыз жол белгілері жайлы түсіндіру жұмыстарын бастауыш сынып оқушылары арасында өткізуде.