Текст
Осы апта бойына "Тәуелсіз Қазақстанның спорттағы жетістіктері" бойынша сынып сағаттары өткізіледі. Сынып сағаттарда 30 жыл уақыт аралығында жеткен жетістіктер мен мектептегі оқушылардың жетістіктері атап өтіледі. Кезекші сыныпта оқитын оқушыларға сынып сағаттары офлайн жүйеде санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Онлайнда оқитын оқушыларға уатсап мессенджері қолданылады. Бұл аптаның сынып сағаттары арқылы салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулыққа көңіл бөлуге үйретеміз. Өзге елде көк туымызды желбіретіп жүрген спортшыларымыздың жетістіктерін насихаттаймыз.