«Мектепке жол» акциясының негізгі мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Акция шеңберінде төмендегідей жұмыстар жасалды.
Мектепке қатысты үйлерді аралау, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, көп балалы отбасынан шыққан, аз қамтылған және де ата-анасының қамқорсыз қалған балаларды анықтау үшін рейд жүргізілді. Рейдтердің қорытындысы бойынша «тәуекел тобындағы» отбасылардан шыққан және әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың персоналды тізімдері жасалып, білім беру органдарына және демеушілерге беріледі. Акция барысында ата-аналардың өтініші бойынша барлығы (1515 000 теңге) 70 оқушыға көмек көрсетілді. Жаппай оқытылу қорынан 50 оқушығы құны (27900 теңге) тұратын сертификат (1395 000 теңге) таратылды. Демеуші Маңғыстау құрлыс жол компаниясы Журумбаев Кайрат 20 сөмке (120 000 теңге) оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
Акция шеңберінде көмек көрсетілген оқушыларымыздың ата-аналары демеушілерімізге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.