"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бірінші Президент күні" мерекесіне орай мектебімізде "Толағай" отбасылық сайысы болып өтті

12.02.2019

Шара «Тұңғыш Президент күні» меркесіне орайластыра өткізілген еді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мен бастауыш сыныптар бірлесе отырып  ұйымдастыруымен өткен «Толағай» атты  отбасылық  сайысқа ата-аналардың белсене қатысуы жарысты жарасымды етіп, жандандырып жібергендей болды.Жарысқа қатысушылар  отбасына қарай «Қасеновтар отбасы», «Нұржановтар отбасы», «Қинаяттар отбасы» деп   үш командаға бөлінді. Шарт бойынша  қатысушы отбасы  «Менің жанұям», «Кім жылдам?», «Кім епті?», «Қосарланған аяқтар», «Төсеніштен айналу» сынды сайыстың  бес кезеңінен басымдықпен мәреге жетуі тиіс болатын. Сайыс барысында барлық команда барлық күш-қайратын ,жанын сала қатысып жатқаны көрермендерге көрініп-ақ тұрған еді.Спортзалдағы жанкүйерлер болса ,қатысушыларға демеу беруде .Сайыстың аты сайыс қой.Жеңіс бар жерде , жеңілу бар дегендей, ойын соңында  қара қылды қақ жарған әділ- қазылар  әр команданың , күш-жігерін сарп ете жүріп жиған ұпайларының қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды марапаттап ,сыйлықтарын үлестіріп жатты.Шара соңында мектеп директоры Б.Б.Туяков , балаларының денсаулығы мен тән саулығына  көңіл бөліп, мектепішілік шараға белсене қатысып отырған ата-аналарға алғыс білдірді. Ал  ата-аналар болса, осындай игі шаралардың жиі өткізілуін қалайтындықтарын және де шара барысында өздерінің ерекше серпіліс сезімді бастан кешкендіктерін  айтып , ұйымдастырушы ұстаздарға алғысын жаудырып жатты.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст