Текст
Қаражар ауылының ЖОББМ 5-16 қыркүйек аралығында "Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі" атты тілдер апталығы аталып өтілуде. Басты назар ретінде қоғам қайраткері, Алаш партиясының белгілі өкілі, ұлт жанашыры және ұлт ұстазы ретінде қоғамда алар ерекше орыны бар тұлға - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы апталық аясында жоспар бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тіліне деген махаббат сезімін оятып, тіліміздің құдіретін сезіндіру. Тек ана тілді қамтып қоймай, үш тілділік ұстанымын арттыру және оны үйрету мақсат болып отыр.