Текст
19.10.2022
Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 23 қыркүйек күні балалардың өмірқауіпсіздігіне орай мектеп әкімшілігі мен АӘД мұғалімінің қатысуымен эвакуация жұмыстары жүргізілді. Екі аусым арасында жүргізілген эвакуация кезінде барлығы түгелдей сабақ беріп жатқан мұғалімдерімен қауіпсіз орынға шоғырланып, пән мұғалімдері оқушылардың қауіпсіздігі жөнінде баяндады. Ешқандай келенсіз жағдай орын алған жоқ.