мектебімізде Республика күніне орай "Егеменді елдің еңсесі биік" атты мектепішілік дебат турнирінің финалдық кезеңі өтті. Ақтық мәреде 7А, 8Ә, 9А сынып оқушылары бақ сынасты. Әу дегенде ойын "Көшбасшы" дебат клубының белсенді мүшелері Зкрия Аслан мен Мұсахан Бақдәулеттің арасында ЛД форматындағы қызықты тартыспен басталды. Ары қарай ойын жартылай финалға жалғасты. Жартылай финалда 8Ә мен 9А оқушылары ойнады; қазылар алқасының нәтижесінде жеңіске 9А сыныбы жетті. Кезекті ойын 8Ә сынып пен 7А сыныбының арасында өтті. Бұл тартысты додада 7 А сыныбы басым түсті. Кезек 7А мен 9А арасындағы көптен күткен соңғы ақтық мәреге келіп жетті. Бас жүлде сарапқа салынған бұл ойында айқын басымдылықпен 9 А сыныбы жеңіске жетті. Екі күнге созылған турнир нәтижесінде 3 орынды 8ә сыныбынан Тасболат Сая мен Әскер Бибігүл алса, жүлделі 2 орынды Нурпейсова Лина мен Әскер Құндыз, ал бас жүлдені яғни кубокты 9А сыныбынан Каирбекова Еркеназ бен Бапан Жәмила иеленді. "Үздік спикер" номинациясын Тасболат Сая жеңіп алса, "Үздік сарапшы" номинациясы Нурпейсова Линаға бұйырды. "Үздік төрешіні" Кенжеханова Айтжан апай алды.
#ядебатер
#менпікірсайысшымын