Бүгін мектебімізде учаскелік полиция инспекторы Абылайхан Куандыкович Шалгинбаевтің қатысуымен 5-7 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы болып өтті.Шара барысында кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ата-анасыз жүруге болмайтыны, әлімжеттік жасаудың, ақша бопсалаудың салдары жайлы ескертті.Келесі мәселе, қазіргі таңда, өкінішке орай жасөспірімдер арасында электронды шылым шегу белең ала бастағаны, ал бұл шылымның біріншіден ағзаға зияны орасан екені, екіншіден шылымды пайдаланғаны үшін ата-анасы жауапқа тартылатынын ескертіп өтті. Өз сөзін жалғаған инспектор оқушыларға интернет алаяқтарынан сақ болуын ескертті.Келесі мәселе,мектепке келгенде әр оқушы өз мүлкіне ие болу қажеттігін, телефон сияқты бағалы заттардың жоғалуына тікелей жауапты затты жоғалтып алған мүлік иесі екенін ескертті.Бұл мәселе бойынша сөз сөйлеген ТІМ А.Құмарбекұлы ата- ана мен білім беру мекемесі арасындағы шартта мектепке тек кнопкалы қарапайым телефон әкелуге рұқсат етілгенін,смартфон телофон әкелуге тиым салынғанын, өйткені балаға телефон сабақ кезінде тек ата-анамен байланыс үшін қажет екендігін айтып өтті.Шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.