14.03.2023
Құрметті-ата аналар! Қазіргі таңда балалардың түрлі әлеуметтік желіге қолжетімділігі еш жаңалық емес.Өкінішке орай, балаларымыздың сол желілерден қандай ақпарат алып жатқандығынан біздер, ата-аналар, бейхабармыз. Қазіргі таңда осы әлемжеліде балаға теріс әсер етер мәліметтер жеткілікті.Ресейде, жапон анимесінің желісімен құрылған балалар мен жасөспірімдерден ұйымдасқан "ЧВК РЕДАН" деп аталатын қылмыстық топ өз әрекеттерін қайталату мақсатында Қостанай қаласының жасөспірімдерін де тартпақ болғаны байқалған.Бұл қылмыстық топта балалар өз денелеріне сурет салып, ересек қылмыс топтарға еліктеп, топ болып төбелес, жанжал тудыруды "сәнге" айналдыруда.Құрметті ата-ана! Балаңыздың осындай топтарға еліктеп, ілесіп немесе жаң топ құрып, қылмыстық іске баруына жол бермеңіз!
Мектеп әкімшілігі