Мектебімізде, 2023 жылдың 28 наурызында, инспектор ,полиция каптианы Ноғайбаев Талғат Ағыбаевич пен полиция майоры Роллан Каскарбекович Ауғанбаев құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әңгімелесу шарасын өткізді. Шара барысында жол жүру ережелерін сақтау қажеттігін , егер сақтамаған жағдайда адам өмірінде орны толмас қайғылы жағдайлар болуы мүмкін екенін айтты.Сонымен қатар, электронды шылымның зияны, заң алдындағы жауапкершілігі жайлы айта отырып, қанша айлық есептк көрсеткіш мөлшерінде заңды өкілге айыппұл салынатыны жайлы мәліме беріп өтті.Сондай-ақ, түнгі мерзімдегі заңмен тиым салыған уақытта ата-ананың бақылауынсыз көшеде жүрудің заң алдындағы жауапкершілік жайлы ескертіп өтті.Әңгімелесу барысында, ақша бопсалаудың салдары қандай болатыны жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жасалды. Сөз соңында, егер оқушылар ешбір заң бұзбай, баршаға ең үлгілі де, тәртіпті оқушы болса, ертеңгі күнде қоғамға пайдалы істерімен ғана көрінер тұлға болатындары жайлы айтты.