Текст
мектебімізде "Көшбасшы" дебат клубының ұйымдастыруымен дебат өтті. Тақырып: "Экологиялық апаттарды асыра сілтеп көрсету керек деп есептейді". Үкімет тобында 9А сынып оқушылары Ақторғын мен Мариям болса, оппозиция тобында 8А сынып оқушылары Лина мен Жанель болды. Үкімет экологиялық мәселелерді асыра сілтеп көрсетпесе адамдар бей-жай қарайтынын айтса, оппозиция тобы шектен тыс көрсету қоғамда үрей(паника) мен резонанс тудыратынын айтты. Осылайша ойын өте тартысты өтті. Спикерлер қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәселелер турасында ой қозғады.