19.01.2024 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Қаражар жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Мектебімізде "Біртұтас тәрбие" жобасы аясында елімізге танымал тарих ғылымдарының докторы , Алтын адамды тапқан археолог , петроглифтерді зерттеуші ғалым Зейнолла Самашевпен кездесу болып өтті.Шара барысында еліміздің шығысында табылған сақ өркениетінің жәдігерлері жайлы және петроглифтер жайлы кеңінен мағлұмат алды.
Шара мақсаты: Оқушыларға төл тарихына деген мақстаныш сезімін ояту
Көшпенділер өркениетінің мұрасын насихаттау,
Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптеу
Тәрбие құндылықтары:
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу.
АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету.
ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, сыни және креативті ойлау.