Жолда жүру ережесін сақтау –баршамыздың міндетіміз✅ Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін естеріңізге сала отырмыз.
🛑1.Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап отырыңдар;
🛑2.Жеңіл көлікте артқы орындыққа жайғасыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;✅
🛑3. Велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде аса ұқыпты және сақ болыңдар;
🛑4.Көшеде бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтіңдер;
🛑5.Көшеден өтерде алдымен солға қара, ал бөлгіш сызығынан кейін оңға қараңдар;
🛑6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, бөлгіш сызығында тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт;
🛑7.Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпе;🚷
🛑8.Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр;
🛑9.Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнама.